Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жастар арасындағы ӘЧ-2019: Қазақстан құрамасының 3 үздік ойыншысы аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Данияны ойсырата жеңіп, топ-дивизиондағы орнын сақтап қалды. Сондай-ақ турнирдегі команда құрамындағы үздік үш ойыншы аталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Жастар арасындағы ӘЧ-2019: Қазақстан құрамасының 3 үздік ойыншысы аталды

Олар: қақпашы Демид Еремеев, қорғаушы Саян Данияр және шабуылшы Артур Гатиятов.

Айта кеткен жөн, Даниямен кездесудің соңғы минуттарындағы қысылтаяң сәттерде Артур Гатиятов екі шайба соқты.