Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстандық «қола» алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Будапештте өтіп жатқан күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты деп хабарлайды Olympic.kz.

Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстандық «қола» алды

Грек-рим күресінен 77 келіде белдескен Темірлан Шадукаев турнирдің қола жүлдегері атанды. Үшінші орын үшін өткен күресте Темірлан грузиялық Бека Мамукашвилиден басым түсті. Ол қарсыласын 9:0 есебімен ұтқан.

130 келідегі Мансұр Шадукаев қола медаль үшін өткен кездесуде армениялық Давид Овасапянға қарсы шығып, белдесу 5:5 есебімен тең аяқталды. Соңғы ұпайды армениялық балуан иеленгендіктен, қола медаль қарсылас еншісінде кетті.