Жастар арасындағы әлем чемпионатында екі боксшымыз ширек финалға шықты

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ереванда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында екі боксшымыз ширек финалға шықты.

Жастар арасындағы әлем чемпионатында екі боксшымыз ширек финалға шықты

75 келі салмақта Дәулет Байғабатов жаңа зеландиялық Итан Кулаетаны жеңді - 18:3. Дәулет енді ширек финалда әзірбайжандық Орхан Майыллымен кездеседі.

69 келіде Айтжан Шілеев моңғолиялық қазақ Ерған Қуатты ұтты- 13:5

49 келіде Әділет Құрметов моңғол  Гандулам Мунгун-Эрденнен ұтылып (18:21), жарысты аяқтады. Ал  56 келіде Әділбек Әділжан кубалық Алексис Виллалонға  15:19 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.