Жастар Астанадағы Кенесары сарбаздары жерленген қорымды тазалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалында Кенесары ханның ерлігін насихаттайтын жастар клубы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кенесары хан сарбаздары» деп аталатын бұл ұйымға қырықтан астам Астана жастары мүше болып үлгерді.

«Жастар арасында тарих арқылы отансүйгіштікті, патриотизмді насихаттау керек. Сондықтан,  Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру мен жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді насихаттау мақсатында Кенесары ханды таңдап алдық. Себебі, Астана аумағында Кенесары ханның сарбаздары қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жандарын қиған. Астананы Сарыарқаның төріне көшіргенде де Президент ең алғашқы ескерткішті Кенесары ханға арнап тұрғызған еді. Жалпы, Кенесарыны қазақ тәуелсіздігі үшін күрестің символы ретінде насихаттағымыз келеді», - деді «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі, «Кенесары хан сарбаздары» жастар клубы жобасының жетекшісі Ерлан Ахмедин.

null Оның айтуынша, «Нұр Отан» партиясының Астаналық филиалының қолдауымен клуб Кенесары ханның өмірі туралы кездесулер, дөңгелек үстел, ғылыми конференциялар өткізу, комикс кітаптар шығаруды жоспарлап отыр. Астана жастары бұл клубқа ерікті түрде мүше бола алады.

null  «Жобаны бастар алдында тарихшылармен кеңесіп, жоспарымызды көрсетіп, ақылдасқан болатынбыз. Содан кейін Астана университеттеріне барып, жастар көшбасшыларымен кездесіп, студенттерді шақырдық. Алда өткізетін барлық шараларды леуметтік желілерде жариялап отырамыз. Менің ойымша, клуб мүшелері әлі де көбейеді», - деп өз сөзін толықтырды ол.null

Таныстырылымнан кейін жастар клубының мүшелері Кенесарының 250 сарбазы жерленген Астанадағы «Қараөткел» зиратына сенбілікке аттанды.

Кенесары Қасымұлы (1802-1847) - мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ хандығының соңғы ханы. Атақты Шыңғыс ханның 27-інші ұрпағы, Абылай ханның немересі. Ресейдің әскери тарихшысы В. Потто кезінде Кенесарыны «қазақтардың Шәмілі» деп те атаған.

Соңғы жаңалықтар
telegram