«Жастар білім саласындағы жемқорлыққа қарсы» - дөңгелек үстел

АЛМАТЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жастар білім саласындағы жемқорлыққа қарсы» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматыдағы жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер мен педагог мамандары қатысқан отырыста білім саласындағы жемқорлықпен күрестің тиімді жолдары туралы мәселелер талқыға түсті. Отырыс барысында сөз алған «Болашақ» республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Дәурен Бабамұраттың айтуынша, елімізде оқу орындарындағы жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстар әлі нәтиже бере қойған жоқ. Осы мәселені тиімді шешу жолындағы ауқымды іс-шаралар, ірі науқандар енді ғана жөнді жолға қойыла бастаған.«Елбасының басшылығымен былтырғы өткен «Жас Отан» жастар қанатының бірінші съезінде көтерілген мәселелердің бірі ? білім саласындағы жемқорлыққа қарсы күресті күшейту болатын. Жалпы айта кететін бір жайт, көпшілігі жоғары оқу мекемелеріндегі жемқорлықтың белең алуына студенттерді кінәлауға тырысады. Шындығына келгенде бұл түпкілікті жаңсақ пікір. Керісінше, студент ? бұл жәбірленуші жақ. Сондықтан, біріншіден, сыбайлас жемқорлықпен күрес барысында студентті айыптаудан арылуымыз керек. Екіншіден ? жоғары оқу орнының өзінің ішкі құрылымын жөндеу қажет. Мысалы, қазірде бірқатар университеттерде студенттің сабаққа қатысын интернет желісі арқылы тексеру технологиясы енгізіліп жатыр. Бұл студент пен оқытушы арасындағы жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Ал бүгінгі қаралған мәселеге орай нақты іс-шаралар қолға алынса, оның нәтижесінің қандай боларын уақыт көрсетеді», дейді Д.Бабамұрат.
Соңғы жаңалықтар