«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық меншікке өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ЖШС Қазақстан қоғамдық даму институтының құрамынан шығарылып, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің меншігіндегі дербес ұйым болып қайта құрылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Қазақстан қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұсынысы қабылдансын. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқықтарын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне беруді қамтамасыз етсін», - делінген Үкімет қаулысының жобасында.

Енді «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Ақпарат министрілігінің дербес ведомстволық бағынысындағы дербес ұйым ретінде қайта құрылады.

«Жобаның мақсаты - «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ЖШС-ны ғылыми зерттеулер жүргізетін және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыратын бірыңғай республикалық ғылыми-әдістемелік орталық ретінде министрліктің дербес ведомстволық ұйымы етіп «Қазақстан қоғамдық даму институты» КЕАҚ-тың құрамынан шығару», - деп түсіндірме берілген қаулыға.

Құжат 16 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар