«Жастар Қазақстан халқының бірлігі үшін» атты форумға қатысушылар үндеу жолдады

әуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордада «Жастар Қазақстан халқының бірлігі үшін» атты жалпыұлттық форумға қатысушылар ел жастарына арнап үндеу жариялады,

«Жастар Қазақстан халқының бірлігі үшін» атты форумға қатысушылар үндеу жолдады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде жастардың өз қабілеттерін шыңдуға, арман-мақсаттарын іске асыруға барлық жағдай жасалған. Мемлекет тарапынан жасалып отырған бұл игіліктер - біздің ертеңгі күнгі жарқын әрі жасампаз істерімізге негіз қалауда. Біз - жастар, Қазақстанды ХХІ асырда гүлденген, іргесі берік, әлемдік қауымдастықтағы мәртебелі мемлекетке айналдыруға бағытталған Елбасы саясатын мақтаныш тұтамыз. Алдымызда тарихи маңызды зор оқиға - Тәуелсіздіктің 20 жылдығы келе жатыр. Бұл айтулы белес біздің ұрпаққа үлкен жауапкершілік жүктейді», делінген үндеуде.

Сонымен бірге, жастар үндеу арқылы төл мәдениет пен мемлекеттік тілдің өркендеуіне, елімізді мекендеген барлық этностардың салт-дәстүрінің сақталуына күш салатындықтарын мәлімдейді. «Біз қоғам дамуының берік іргетасына айналған республикамыздағы - этносаралық келісімді, татулық пен бірлікті нығайта береміз. Біздің жастық жігеріміз бен еселі еңбегіміз басты құндылығымыз - Тәуелсіз Қазақстанның дамуына бағытталатын болады», делінген үндеуде.