Жастар Қазақстандағы бейбітшілікті сақтаудағы өз жауапкершіліктерін сезінулері тиіс - соғыс ардагері Қадан Бекенов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастар Қазақстандағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтаудағы өзінің жауапкершіліктерін сезінулері тиіс. «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Астанада тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қадан Бекенов осылай деді.
None
None

«Биыл елімізде Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толуына орай бірқатар ірі-ірі шаралар өтетінін білеміз. Осынау атаулы күнде бізді ұмыт қалдырмай, әрдайым құрметтеп отыратыны қуантады. Қазір мен 90 жасқа келдім, сондықтан алыс жақтарда өтетін іс-шараларға баруға шама жоқ, дегенмен қаладағы мерекелік шараларға барып тұруға тырысамын. 2004 жылы біз Беларусь еліне табан тіреп, өзіміздің Даңқ мемориалын көріп қайтқанбыз», - дейді ардагер.

Қ. Бекенов түрлі майдандарға қатысып, Берлинге дейін жеткен. Ол Оңтүстік-Батыс және Бірінші Беларусь майдандарында соғысты. Көрсеткен ерлігі үшін түрлі медальдармен марапатталған.

«Бүгінде еліміздің экономикасы қарқынды дамуда, халықтың тұрмысы жақсаруда, осының барлығы тұрақтылық пен тыныштықтың арқасында. Жастар Қазақстандағы бейбітшілікті сақтаудағы өзінің жауапкершіліктерін сезінулері тиіс», - деді Қ.Бекенов.

Соңғы жаңалықтар