Жастар командалары арасындағы XV Азия чемпионатында қазақстандық волейболшы қыздар 6-шы орын алды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қыркүйектің 12-сі күні жалауын көтерген бұл додаға Азияның 15 елінен командалар қатысқан болатын. Людмила Перевертова мен Анатолий Дьяченконың тәлімгерлерін үздік бестіктің қатарына ену мүмкіндігінен Тайпей құрамасы айырды. Олар 1-8 орын үшін болған тартыста алғашқы және соңғы ойынын тайпейліктермен өткізіп, екеуінде 0:3 есебімен ұтылыс тапты.
Жалпы чемпионаттың ақтық кездесуде барлық ойын осындай есеппен аяқталды. Мәселен кореялықтарды тізе бүктірген Қытай құрамасы Азия чемпионы атанса, тайландтықтарды қапы қалдырған жапондықтар үшінші орынға ие болды. Ал топтық кездесуде қарсылас шақ келтірмеген қазақстандықтар 6-шы орныды қанағат тұтты. Одан кейінгі 7-15 орындарды Индонезия, Вьетнам, Иран, Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия, Фиджи, Гонконг және Шри-Ланка спортшылары өзара бөлісті.