Жастар конгресінің өкілдері Н.Назарбаевты ҚР Президенті лауазымына ресми кірісуімен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастар конгресінің өкілдері Елбасы Н. Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісуімен құттықтады.
«Біз, Жастар конгресінің өкілдері Сізді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісуіңізбен құттықтаймыз!
Ұлықтау рәсімінде сөз сөйлеген кезде Сіз елдің дамуы үшін маңызды бес институционалдық реформаны атап өттіңіз.
Сіз қазақстандық бірлікті одан әрі нығайту, толеранттылық пен келісімнің үлгісін сақтау үшін азаматтық қағидаттардың бірінші орында болуы қажеттігін атап өттіңіз.
Елдің барша азаматтары бір құқықты пайдаланып, бір жауапкершілік жүгін көтеріп, тең мүмкіндіктерге қол жеткізуі тиіс. Еңбексүйгіштік, адалдық, ғалымдық пен білімділік мәдениеті, абсолютті толеранттылық Мәңгілік ел идеясының негізгі құндылықтары ретінде айтылды. Біз қоғамның бәсекеге қабілеттілігінің факторы ретінде қазақ, орыс, ағылшын - үш тілділікті дамытуды қолдаймыз. Терең білім алуды мақсат еткен қазақстандықтар шет тілді негізгі өмірлік қажетті басымдық ретінде таңдап та қойды.
Сонымен қатар, білім, кәсіби мансап, жеке тұлға ретінде таңдау жасауда жастар үшін тең мүмкіндіктердің жасалуы ерекше қуантады.
Реформалардың негізгі бағыты сапалы деңгейде экономикалық бағдарламалары іске асыруға және мемлекеттік қызметті көрсетуді қамтамасыз етуге қабілетті кәсіби дербес мемлекеттік аппарат құру.
Институционалдық реформалар мемлекеттік қызметте кадрлық саясатты өзгертуге, ұстанымдық мансап үлгісінен мемлекеттік басқарудың тиімді жұмысын реттеуге көшуге мүмкіндік береді.
Біз бүгін экономиканы жаңғырту, бес маңызды халықтық реформаларды жүзеге асыратын ұлттың бәсекеге қабілеттілігі біліммен, дарынмен, еңбексүйгіштікпен айқындалатынына сенімдіміз», - деп жазылған құттықтауда.