Жастар мәслихатына үміткер азаматтарға электронды сайлау арқылы дауыс беріледі

ТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде Павлодар облысы бойынша 20 қыркүйек күні өтетін Жастар мәслихатына үміткерлерді сайлау барысында www.umitker.kz веб-порталы арқылы дауыс беріледі.

Жастар мәслихатына үміткер азаматтарға электронды сайлау арқылы дауыс беріледі

Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен www.umitker.kz сайтын таныстыру кезінде Павлодар өңірлік басқару мектебінің директоры Гүлнар Исенова мәлім етті.

Оның хабарлауынша, бүгінде электронды сайлау аясында 9 мың дауыс беруші азаматтарға арнайы ПИН-кодтар берілді. Олар Жастар мәслихатына сайланатын 27 үміткер үшін дауыс бермек. «Бұл кандидаттар Павлодар облысының 7 ауданын, сондай-ақ Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларынан сайлау бәскекесіне түсіп отыр. Егер осы жолғы Жастар мәслихатына үміткерлерді сайлауды көздейтін ілгі жоба ойдағыдай жүзеге асатын болса, келесі жылы біз Жастар парламентіне де үміткерлерді электронды дауыс беру арқылы сайлатын боламыз», - дейді Г.Исенова.