Жастар өрт ошағы маңындағы 4 ауылда 300 адамға түскі ас берді

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Республикалық жастар ұйымдары Абай облысындағы орман өрттерінің салдарын жоюға өз үлестерін қосып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жастар өрт ошағы маңындағы 4 ауылда 300 адамға түскі ас берді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, республикалық жастар ұйымдарының өкілдері зардап шеккен аудандардың тұрғындары мен құтқарушыларға гуманитарлық көмек көрсету үшін Абай облысындағы елді мекендерге барған.

«Қазақстан студенттер Альянсы өңірдегі өрттерді жоюмен күресіп жатқан азаматтарға көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды.

Сонымен қатар Успен, Озерка, Талица және Бородулиха ауылдарында 300 адамға арналған түскі ас берді», - деп жазды министрліктен.

Абай облысындағы зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына қолдау жұмыстарына жастар ұйымдары белсенді түрде араласты, аймақтағы еріктілер штабы, жастар белсенділері де сонда жүр. Жастар ұйымдарының белсенділері мен волонтерлер Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен жұмыстарын жалғастырып жатыр.