«Жастар.Павлодар.kz» форумында жаңа жобалар таныстырылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін «Жастар.Павлодар.kz» облыстық форумына студенттер мен жұмысшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, полиция мен спортшылар, Астана және ел өңірлерінен келген қонақтар жиналды.

«Жастар.Павлодар.kz» форумында жаңа жобалар таныстырылды

Шараға 900-ге жуық адам қатысты.

Форумда жастардың бос уақытын қызықты өткізуге септігін тигізетін портал және ұялы қосымша (kino.kz сайты негізінде) таныстырылды. Онда ақылы және тегін іс-шаралардың өтетін уақыты мен орны көрсетіледі.

Форумда Тәуелсіз Қазақстанның құрдастары жайлы кітап жұртшылықтың назарына ұсынылды. Онда үлкен табысқа қол жеткізіп, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген 25 жастағы азаматтар туралы жазылған. Альбом парақтарында ең үздік тәуелсіздік құрдастарының 50 портреті және олардың қол жеткізген жетістіктері жайлы ақпарат бар. Кітап-альбомды жастар облыс әкімі Болат Бақауовқа сыйлады.

Форумда ең талантты жастарға облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бөгентаев сыйлықтар мен марапаттар табыс етті.