Жастар саясаты басқармасының бастығы жастар сауалына интернет конференцияда жауап беріп жатыр

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматы қаласы әкімінің жеке сайтында қалалық Жастар саясаты басқармасының бастығы Бақтияр Мәкеннің қатысуымен «Жастар саясаты: проблемалар мен перспективалар» деп аталатын интернет- конференция өтіп жатыр,

Жастар саясаты басқармасының бастығы жастар сауалына интернет конференцияда жауап беріп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазірге дейін жастар тарапынан 15 сұрақ түсіп, жауап берілді. Ең алғашқы сауал мемлекеттік тілдің мәселесі болды. Сондай-ақ қоғамдық көліктегі студенттерге арналған жеңілдік, Жастар саясаты туралы заң, қаладағы жастар ұйымдарының жұмысы, жастардың жұмысқа орналасуы туралы сұрақтар бар. Конференцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты жастардың көңілінде жүрген сауалдарға жауап беру. www.almaty.kz сайтында өтіп жатқан конференцияға кез-келген адам қатысып сауал қоя алады. Сұрақтар тек Алматы қаласы мен ондағы жастар мәселесіне қатысты болуы тиіс.