Жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған қаржы екі есеге өсіп отыр - Білім және ғылым министрі

sp;АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Білім және ғылым министрлігі жастар саясатына қатысты шараларды қаржыландыруға зор көңіл бөліп отыр. 2006 жылы бұл бағытқа 124 миллион теңге бөлінсе, биыл аталмыш сома 248 миллионға жетіп, екі есеге өсті. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан IV Азаматтық форум барысында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті,

Жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған қаржы екі есеге өсіп отыр - Білім және ғылым министрі

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, мемлекет жастарға көрсетілетін қолдауды барынша арттырғаны дұрыс. Бұл ретте жастарға тек қаржы бөліп қана қойған жеткіліксіз. Мемлекет оларға ұйымдастырушылық жағынан да, әкімшілік шаралармен де қолдау көрсеткені дұрыс. «Бүгінде жастардың үкіметтік емес ұйымдарының базасында арнайы қызмет түрлері ресурстық орталықтар құрылған. 17 ресурстық орталықтың жұмысын жолға қою үшін республикалық бюджеттен биыл 90 миллион теңге бөлінді», деді министр.