Жастар саясатына олардың өзін жұмылдыру маңызды – Азия жастары кеңесінен
«Бұл кеңес - тәжірибе алмасу алаңы. Адамдардың өзара байланысы бүгінде жаһандық маңызға ие болып отыр. Себебі шекаралардан өтудің барған сайын шарты көбейіп барады. Үкімет неғұрлым оң нәтижелі елдердің тәжірибесін зерделеуі тиіс. Азия айтарлықтай жас екенін ескере отырып, спикерлер айтқандай, жастар үні басым болады. Мен таяуда Бангладеште болдым. Ондағы жастардың үлесі Өзбекстанға қарағанда едәуір көп. Жастар саясаты - Үкімет үшін әлеуметтік-экономикалық саясат. Сондықтан өзара пікір және тәжірибе алмасу маңызды. Жастар саясатына олардың өзін жұмылдыру қажет», - деді Қайрат Сарыбай.
Оның айтуынша, жастар мәселелерін шешуде олардың белсене қатысқаны абзал.
«ТүркПА жастар қауымдастығы бар. Біз онда саяси институттар, Парламенттердегі партиялар арқылы мәселені шешуде қандай тәсілге сүйенетінін қадағалаймыз. Азия жастарының кеңесі Қазақстан жастары үшін өте перспективалы алаң деп есептеймін. Соңғы саяси оқиғалар аясында билеуші партияның жастар қанаты да қайта құрылды. Жастар саясатында жаңа тәсілдерді әзірлеу туралы шешім қабылданды. Бұл тұрғыда ең жақсы тәжірибе – халықаралық тәжірибені зерттеу. Жалпы, АӨСШК оң дамуда, көптеген мүше мемлекеттерде біздің құрылымымызға сұраныс бар. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде айтқандай, АӨСШК жаһандық турбуленттілік кезеңінде – бұл дипломатияның талап етілетін, тиімді, көпжақты алаңы», - дейді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай Азияда жастарға арналған виртуалды алаң құру ұсынылды.