Жастар Сырдария жағалауын 15 тонна қоқыстан тазартты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Қызылорда облысының жастар одақтары» ҚБ-ның ұйымдастыруымен «Жасыл ел» сарбаздары Қызылорда қаласынан тыс орналасқан Сырдария өзенінің жағасы бойына тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

 Жастар Сырдария жағалауын 15 тонна қоқыстан тазартты

Акция аясында әр түрлі тұрмыстық күл-қоқыстардан тазартылды.

«Эко-Сақшы» акциясының мақсаты - қала мен ауылдың экологиялық жағдайын тазарту жұмыстарына жастарды шақыру.

Тазарту жұмыстарына елуден астам белсенді жастар мен «Жасыл ел» сарбаздары қатысып, 15 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар белгіленген қоқыс тастайтын орынға шығарылды.