22:50, 01 Маусым 2013 | GMT +5
Жастар театры «Шығыс хикаясын» сахнаға шығарады - Алматы
АЛМАТЫ. 1 маусым. ҚазАқпарат - Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 29-31 мамыр күндері «Шығыс хикаясы» музыкалық комедиясының тұсаукесері болды.

Қойылымның авторы, қоюшы режиссері және музыкамен көркемдеушісі - Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов. Ал қоюшы суретшісі - София Тасмағамбетова, балетмейстері Мәскеудегі «Жаңа опера» театрының балетмейстері Иван Фадеев.
Басты рөлдерді Мақсат Сәбитов (Сұлтан), Гүлбаһрам Байбосынова (Патшайым), Есжан Хамидуллин (Ханзада), Дархан Сүлейменов (Ғабиден), Аида Жантілеуова (Аққу қыз) және тағы басқалар сомдады. Қойылым сюжеті шығыс ертегілерінен алынған. Шығармаға іштарлық, жағымпаздық, пайдакүнемдік сияқты келеңсіз жағдайлар мен өмірге құштарлық, адамгершілік, ізгі махаббат тәрізді адами қасиеттер арқау болған.