Жастар театры Ж.Солтиеваның «Сағым қуғандар» атты мистикасын көрермен назарына ұсынбақ

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат - Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 28-29 қарашада Жұмагүл Солтиеваның «Сағым қуғандар» атты мистикасын көрермендер назарына ұсынбақ, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жастар театры Ж.Солтиеваның «Сағым қуғандар» атты мистикасын көрермен назарына ұсынбақ

Адамды сайтан түртпесін... Адамның ішін жайлаған ібілістен сақтасын!... Қорқаулық, ашқарақтық, тойымсыздық, дүниеқоңыздық - жан баласын жарға апарып жығар жағымсыз қасиеттер. «Сағым қуғандар» қойылымы - жастарға сабақ болатын, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ғибраты бар сахналық жаңа туынды.
Қоюшы-режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық театр фестивальдерінің екі мәрте лауреаты, «Алтын қанатты адам» сыйлығының лауреаты Балтабай Сейітмамытұлы.