Жастар ұйымдары президенттік сайлаудың қорытындысына қолдау білдіретіндіктерін мәлімдеді

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - "Біз, Қазақстан Жастар конгресі, Студенттер Альянсы, «Жасыл ел» республикалық штабы, Жұмысшы жастар одағы мен Ауыл жастары Одағының өкілдері Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы қорытындысына қолдау білдіретіндігімізді мәлімдейміз.

Жастар ұйымдары президенттік сайлаудың қорытындысына қолдау білдіретіндіктерін мәлімдеді

2011 жылдың 3 сәуірі күні жүз мыңдаған қазақ жастары Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа өз дауыстарын берді", - делінген Қазақстанның жастар ұйымдарының таратқа мәлімдемесінде.

Мәлімдеме мәтінінде айтылғандай, Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың мемлекеттілікті одан әрі нығайту, қарқынды әлеуметтік-экономикалық реформаларды өткізу мен Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін күшейту туралы бастамалары ел жастарының арасында да қолдауға ие болып келеді.

"Қоғамда болып жатқан үрдістердің жауапкершілігін сезіне отырып, ел жастары өз таңдауын жасады.Біз тұрақты, бірлігі мықты және гүлденген Қазақстанға дауыс береміз! Елбасымен бірге, алға!", - делінген мәлімдемеде.