Жастар ұйымдарының көшбасшылары өз қатарластарын бүгінгі заманның атпал азаматтарынан тәлім алуға шақырды

Бұл туралы олар «Болашақ бүгіннен басталады!» атты республикалық ақпараттық науқанның басталуына байланысты өткен шара кезінде мәлім етті.
Аталмыш жиын барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген мәселелер жайында сөз қозғаған жастар, Елбасы патриотизмнің, келісім мен төзімділіктің, рухани байлық пен денсаулықтың, заң аясында өмір сүре білудің жастар үшін қаншалықты маңызды екендігін атап өткендігін айтты.
«Біз өздерінің еңбекқорлығымен және білімімен, діттеген мақсатына жетпей қоймайтын табандылығымен жоғары адамгершілік қасиеттерімен, Отанының болашағына деген сеніммен үлкен жетістіктерге қол жеткізген бүгінгі заманымыздың атпал азаматтарынан үйренуіміз керек. Болашақ бүгіннен басталады. Оны біз нақты іспен көрсетуіміз керек»,-дейді жастар ұйымдарының басшылары.