Жастар жылы кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік береді - Асқар Сағитжан

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Өзім кәсіпкер ретінде Елбасының Жастар жылындағы бастамаларын қолдаймын. Бұл туралы жас кәсіпкер Асқар Сағитжан ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

Жастар жылы кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік береді - Асқар Сағитжан

Елбасының қатысуымен өткен отырыста түрлі салада үздік атанған жастардың жетістігі маңғыстаулық белсенділерге жаңа мотивация берді. Әсіресе, жастарға ең қажет салаларға көңіл бөлінетіні оларды қуантып отыр. Асқар Сағитжан да солардың қатарында.

Ол жастар жылы - Қазақстан үшін бірегей және кең ауқымды оқиға деп санайды.

«Өзім Елбасының жастар кәсіпкерлігін қолдау бағытында қор ашып, сол жастардың жаңа стартаптарын қолдауға бағытталған қаржыландыру көлемін арттыру, жаңа мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу бастамаларын қолдаймын. Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасында 70 АЕК бұрын көмек ретінде берілсе, енді оны 100 АЕК дейін көтеруді мақсат етіп отыр. Бұл да жастарға зор мүмкіндік»,-дейді Асқар Сағитжан.