Жастардың 5,5 мыңға жуық жобасына жеңілдетілген микрокредит беріледі

несие
Фото: Кazinform

2023 жылғы 7 желтоқсандағы жағдай бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредиттер алуға 7,4 мың өтінім түсті, деп хабарлайды Kazinform.

Биыл жалпы 5 796 микрокредит беру жоспарланған. Қазірдің өзінде 5 496 жоба мақұлданды.

"Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға (кез келген мақсатқа) немесе 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін). Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.

Микрокредит алуға өтінімдердің ең көбі Түркістан (1014), Жамбыл (786), Қызылорда (642) облыстарынан, Астана (548), Шымкент (498) қалаларынан түсті", - деп жазды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

Конкурстық комиссиялардың шешімімен 5 496 жоба мақұлданды, оның ішінде 5 068 жобаны іске асыруға кредит берілді. Кредит алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды.

Соңғы жаңалықтар