Жастарды жұмыспен қамту: Алматыда 85 адам қоғамдық жұмысқа орналасуға ниет білдірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бес күн ішінде 200-ден астам адам мобильді жылжымалы пункт қызметіне жүгінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Нұркент» шағын ауданында қала халқын жұмыспен қамту орталығы, «Атамекен» ҰКП және мобильді жұмыспен қамту орталығы бірлесіп ұйымдастырған Жастар ресурстық орталығы жұмыс істеп жатыр.

18 тамыздан бері Алатау ауданының Жастар ресурстық орталығында мобильді жылжымалы пункт қызмет етеді, онда жастарға жұмысқа тұруға қатысты кеңес беріледі.

«Жастар инновациялық және шығармашылық әлеуетке ие халықтың белсенді тобы, алайда олардың кәсіби қызметте тәжірибесі жеткіліксіз болып жатады. Сол себепті жұмысқа тұру, еңбек нарығында кәсіби тұрғыда бәсекеге қабілетін қолдау және дамыту мәселесі маңызды және стратегиялық басымдық», - дейді Алатау ауданы әкімінің орынбасары Әсел Бисенбаева.

Оның айтуынша, бұл жерде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы маңызды орында. Жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектердің алған мамандығы бойынша тәжірибеден өтуі үшін жағдай жасалған.

Бес күнде жұмысқа орналасу бойынша жылжымалы пунктке 200-ден астам адам келген. Барлығына түсіндіру жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде 85 адам қоғамдық жұмысқа орналасуға ниет білдірген және 50-ге жуығы «Жастар тәжірибесіне» жолдама алу үшін Жұмыспен қамту орталығына жіберілді.

«Жастар практикасына дипломы бар жасы 29-ға дейінгі және оқу орнын соңғы үш жыл көлемінде бітірген азаматтар қатыса алады. Жас мамандар тәжірбиеден өндірісте, мемлекеттік мекемелерде, қаржылық құрылымдар да, білім беру және медицина ұйымдарында өте алады», – деп толықтырды Ә. Бисенбаева.

Соңғы жаңалықтар