Жастарды жұмыспен қамту: Алматыда мобильді пунктер жұмысын бастады
Бір апта бойы Жұмыспен қамту орталығының «Жастар практикасы» және «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстары мен жастарды тіркеу жүргізіледі.
Аудандардағы жастар ресурстық орталықтарының белсенділері жастарға ақпараттық парақшалар тарататын болады.
Жұмыс істеуге ниетті жастарға түрлі бағыттағы бос жұмыс орындары ұсынылады. Әрбір жұмыс іздеуші сауалнама-түйіндеме толтыра алады. Олар өңделгеннен кейін Алматы қалалық халықты Жұмыспен қамту орталығының өкілдеріне тапсырылады және «Шұғыл талап етіледі» газетінің сайтында жарияланады.
Жылжымалы пунктердің жұмыс орындарында санитарлық нормалар сақталады: қызметкерлер маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып өтінімдерді қабылдайды.
Жылжымалы пунктер орналасатын жерлер:
Алатау ауданы –«Нұркент» ықшамауданы 5/6 ;
Алмалы ауданы – Жібек Жолы-Панфилов (Арбат) көшелерінің қиылысы;
Әуезов ауданы – Абай-Алтынсарин көшелерінің қиылысы (Moskva СОО, «Тиграхауд» базары);
Бостандық ауданы – Тимирязев көшесі 42 («Атакент»);
Жетісу ауданы – «Айнабұлақ –1» ықшамауданы, Жұмабаев-Мақатаев көшелерінің қиылысы («Айнабұлақ» базары) ;
Медеу ауданы – Жібек Жолы-Пушкин-Райымбек көшелерінің қиылысы («Көк базар», Орталық мешіт, «Саяхат» автобекеті);
Наурызбай ауданы – «Шұғыла» шағынауданы;
Түрксіб ауданы – Шолохов көшесі 2/1 («Алматы–1»);.