Жастарға жалға берілетін баспана: Нұр-Сұлтанда үй алатындардың тізімі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 2021 жылға арналған «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана» тұрғын үй бағдарламасының нәтижесі жарияланды. Бағдарлама бойынша өткендердің арасында екі көппәтерлі тұрғын үйде орналасқан 800 пәтер бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға 4863 адам өтінім түсті, оның 800-і жақын арада пәтер кілтін алады.

Нұр-Сұлтанда бағдарлама бойынша өткендердің тізімі zhilfond.kz сайтында жарияланған.

Үш тізім жасалды:

- Іріктеуден өткен (ең төменгі шекті балл – 20);
- Резерв (өтінім беруші негізгі талаптар бойынша келеді, бірақ балдар бойынша өтпейді және егер мақұлданған 800-ден бас тарту болған жағдайда, онда резервтік тізімнен өтінім берушілер қабылданады);
- Іріктеуден өтпегендер (qatysu.zhilfond.kz порталында жеке кабинеттен бас тартылған);

213 пәтер Кенесары және Сембинов көшелерінің қиылысында орналасқан, оның ішінде:

- 1 бөлмелі пәтерлер – 144. Жалпы ауданы: 40,0 - 49,5 м2.
- 2 бөлмелі пәтерлер – 69. Жалпы ауданы: 56,7 - 58,7 м2.

Тағы 587 пәтер Абылай хан, Б. Момышұлы және Р. Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан, оның ішінде:

- 1 бөлмелі пәтер – 378. Жалпы ауданы: 40,0 - 48,8 м2.

- 2 бөлмелі пәтерлер– 209. Жалпы ауданы: 55,9 - 57,5 м2 .

Өтінім берген қатысушылар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізілді, пәтерлерді бөлу өтініш берушінің отбасы құрамына және жинаған балдарына сәйкес жүргізіледі.

Бағдарламаның барлық қатысушысына «Іріктеуден өтті», «Резерв» немесе «Бас тартылды» деген смс-хабарлама жіберілді.

Бағдарлама бойынша өткендер үшін қоныстандыру уақыты мен күні, пәтердің мекенжайы туралы ақпарат қосымша хабарланады және qatysu.zhilfond.kz порталындағы жеке кабинетте жарияланады.


Соңғы жаңалықтар