Жастармен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар құруға 300 млн. теңге жұмсалмақ - ДСМ

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат -Ағымдағы жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде жастармен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар құру үшін 300 млн. теңге жұмсауды жоспарлап отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің іске асырылу мәселесін талқылау барысында мәлім болды.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісовтың айтуынша, былтырғы жылы еліміздің барлық өңірлерінде «шұғыл желілер» ашылып, оған жастар тарапынан 5700-ге тарта әртүрлі өтініштер келіп түскен. «Біз жастар мәселесіне қатысты жағдайларды халықаралық сарапшыларды қатыстыра отырып, терең зерттедік. Бұндай жұмыстардың негізінен жеткіншектер арасындағы жоспарсыз жүктіліктің алдын алуда, жастар арасындағы есірткімен, ішімдікпен күресуге, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауының алдын алуда үлкен маңызға ие екені белгілі. Сол үшін біз халықаралық конференциялар ұйымдастырдық. Басты түйгеніміз - біз ағымдағы жылдан бастап үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты жандандырамыз деп шештік, көп күш соларға артылады», - деді Е. Байжүнісов.

Оның айтуынша, бұл бағытта жастар белсенді пайдаланатын Интернеттегі әлеуметтік желілерге де баса назар аударылатын болады.

Соңғы жаңалықтар