Жастықты қанша уақытта ауыстырып тұру керек?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың ғалымдары жүргізген жаңа зерттеуден кейін алты айда бір рет жастықты ауыстырып тұрмаса, адам денсаулығына зиян екені анықталды.

Жастықты қанша уақытта ауыстырып тұру керек?

Олардың айтуынша, ескі жастыққа тер сіңіп, денеңізден түлеген өлі тері қаптап кетеді екен.

Солтүстік Королиналық Доктор Роберт Оэксман - адамның дұрыс ұйықтауы мен ұйқы гигиенасын зерттеуші ғалым. Оның пікірінше, тер сіңген кір жастыққа бетін төсеп жату - адамның ұйқысының бұзылуына әкеп соғып, ол ұйқысырауды әдетке айналдыруы мүмкін.

Әуелі соның кесірінен адам астмаға шалдығу қаупі бар екен.

Сондай-ақ, ғалымдар жаңа жастық алғанда оның көлеміне мән беруді ескертеді. Жастық қырындап жатқанда адамның басын омыртқа деңгейімен ұстап тұратындай болуы керек.

Ал, етпетімен немесе шалқалап ұйықтайтын адамдардың жастығы жұқа болғаны жөн.