Жастың орнына көзінен тас тамған - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұндай бірегей оқиға Йеменде орын алды. Саадийи Салех атты 12 жастағы қыздың көзінен жастың орнынан тас тамған. Сол жердің тұрғындары қыз қарғысқа ұшыраған деп күстаналап, отбасынан теріс айналған.

Жастың орнына көзінен тас тамған - ВИДЕО

Жергілікті БАҚ бұл оқиға туралы арнайы репортаж жасаған. Төмендегі бейнежазбада медицина қызметкерлерінің қыздың көзінен тас қиыршықтарын алып шығып жатқаны анық көрсетіледі.

Дәрігерлердің айтуына қарағанда, қыздың көзінен тәулік ішінде бір құты тас шығуы мүмкін. Жергілікті мамандар бұның қандай кесел екендігін және қыздың ағзасына қаншалықты кері әсерін тигізетіндігін әзірге анықтай алмай отыр, деп жазады vesti.ru.