Жасұландықтар министрмен кездеседі

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - 6 шілде Астана күнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» ұйымына бір жыл толады.

Жасұландықтар министрмен кездеседі

Осыған орай, астаналық Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұловтың «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің белсенділерімен кездесуі өткізіледі. Бұл туралы бірлестіктің баспасөз бөлімі хабарлайды.

Іс-шара барысында жасұландықтар өз жетістікері туралы айтып, министрге өздерінің қызықты сұрақтарын қояды. Іс-шара аясында «Жас Ұлан» қатарына үздік оқушыларды салтанатты қабылдау ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, жасұландықтардың Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевқа үндеуі айтылып, Елбасыға арналған сыйлығы тапсырылады.

Мерекелік шара «Балдәурен» Республикалық оқыту-сауықтыру орталығында жалғасын тауып, концерт, би кеші, 3D-шоу, отшашу ұйымдастырылады.