«Жасұландықтарды» даярлау деңгейі жыл сайын өсіп келеді - ҚР Қорғаныс министрлігі (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015-2016 оқу жылының соңында Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы республикалық әскери мектептер қорғаныс ведомствосының иелігіне көшкеннен кейінгі алғашқы түлектерін шығармақ, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен «Жас ұлан» республикалық мектептеріне 70-тен бастап, 100 балаға дейін оқуға түседі. Болашақ ұландарды іріктеу жыл сайын тамыздың 15-і мен 25-ы аралығында өтеді.
«Республикалық әскери мектептердің Қорғаныс министрлігінің қарамағына көшкеннен бастап елеулі өзгерістер болды.
«Жас ұлан» республикалық мектептерінің қызметі тәрбиеленушілерді іріктеу сапасын жақсарту дайындығына бағытталды. Ауқымды ынтымақтастық жүргізілуде және Назарбаев зияткерлік мектептерімен меморандумдарға қол қойылды, сондай-ақ әскери пәндердің маңыздылығы мен қазіргі жылдың көрсеткіштері арттырылды. Осы жылғы іріктеу ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілген жаңа қағидалар бойынша жүргізілді. Өз кезегінде, мектеп басшылары іріктеу сапалы, балалар мақсат қойып келулері және жақсы нәтижелер күтеміз деген секілді баға береді», - деді басқарма басшысы ҚР ҚМ Білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары полковник Бегім Нұрмаханов.
Жасұландықтарды даярлау деңгейі жыл сайын өсіп келе жатыр.
Білім беру процесінің практикалық маңыздылығы арттырылды, тәрбиеленушілерді зияткерлік тұрғыда дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Биылғы жылы Астанадағы Армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» мектебінің қабырғасынан 75 ұлан түлеп шығады. «2015 жылдан бастап бізде мектепке қабылдау ережелері өзгерді. Егер бұрын емтихан тапсырса, қазіргі кезде психологиялық кәсіптік тестілеу мен дене даярлығын тапсырады, медициналық куәландырудан өтеді. Барлық оқу-тәрбие процесі балаға кішкентай жасынан бастап өз Отанына адал болуға, оны сүюге және елінің ұлтжанды патриоты болуына баулуға бағытталған. Кішкентай кезден бастап кәсіби бағдар қалыптасады. Мейлі, ұшқыш, мотоатқыш, десантшы, танкіші, инженер, байланысшы болсын, бұл тұрғыда біз жұмыс жасаймыз», - деді С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің басшысы полковник Мұхтар Майкеев.
Бүгінгі таңда «Жас ұланның» көптеген түлектері әлем елдерінің жоғары әскери оқу орындарына түсуде. Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясы мен өзге елдердің Қарулы Күштері мен басқа да әлеуетті құрылымдарда қызмет атқаруда. ҚР Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің командирлері болып табылады. Жоғары офицерлік атақтар мен мемлекеттік марапаттарға ие.