Жасұзақов әріптестерімен заманауи қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселесін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Қарулы Күштері басшылық құрамының оқу-әдістемелік жиындары шеңберінде «Сирия, Ирак және Ауғанстандағы қарулы шиеленістер: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін сабақ және қорытынды» тақырыбында конференция өтті, деп хабарлады ҚазАқпаратқа ведомствоның баспасөз қызметінен.

Жасұзақов әріптестерімен заманауи қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселесін талқылады

Конференция барысында жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-әрекет жасау және заманауи «будандық» соғыс жағдайында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу аспектілері бойынша бірқатар көкейкесті мәселелер талқыланды.
null  

Сонымен бірге, заңсыз қарулы құралымдар мен үкіметтік әскерлердің іс-қимыл тактикасы, авиацияны қолдану тәжірибесі, арнайы операцияларды жүргізу әдістері мен мысал ретінде Сирия, Ирак және Ауғанстандағы қарулы жанжалдардағы әскери-саяси жағдайға баға беру егжей-тегжейлі қаралды.
null  

Қазақстанның қорғаныс ведомствосы басшысы Сәкен Жасұзақов әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету әсіресе, халықаралық лаңкестікке, сепаратизм мен діни экстремизмге қарсы тұруға қатысты мәселелерде бүгінгі конференцияның өткізілу маңыздылығын атап өтті.    
null