Жасы 100-ден асқан қариялар қажылыққа келді

Ғасырды артқа тастаған қариялар әлі де тың.
Muslim.kz сайтының жазуынша, олардың арасындағы ең ұзақ жасаған 107-дегі Исмаил Харьян штатынан келді. Ал Гуджарат штатының тұрғыны 102-ге толған. Уттар-Прадеш штатының тумасы Ілияс атамыз биыл тұп-тура 100 жасқа толды.
Үшеуі де қажылыққа «корольдің мейманы» ретінде, яғни жолға шығынданбай, тегін ұшып келді.
Киелі Мекке шаһарындағы Үндістанның бас елшісі Фазиз Ахмет Кидуаи жұма күні: «Ұзақ жасаған үш қажының денсаулығы бірқалыпты. Қарттарға қажылықтың қыр-сыры айтылды. Үндістанның медицина қызметкерлері олардың денсаулығын ұдайы қадағалап отырады»,- деп мәлімдеді.
Елшіліктің деректеріне қарағанда, Үндістаннан 100 91 қажы өткен бейсенбіге дейінгі аралықта Жидда мен Меккеге келіп үлгерген. Олардың 23-і Меккеде, ал 12-і Мәдинада көз жұмып, қажылық кезінде дүниеден озды.