Жасы жүзден асқан қариялардың көбі - Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Жасы жүзден асқан қариялардың көпшілігі - Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары болып отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Статистика агенттігінің баспасөз хатшысы Динара Жандаеваның айтуынша, санақ бойынша елімізде жүз жасты еңсерген 26 қарт тіркелген. Соның 24-і - әйел адамдар. Көнекөз қариялардың 11-і Шығыс Қазақстан облысында тұрады.«Ең ұзақ жастағы кейуана - Жамбыл облысының тұрғыны 112 жастағы Рымкүл Қожахметова. Ерлердің ішіндегі ең қарт адам - 105 жасқа толған шығысқазақстандық Кәрім Ахметжанов», - дейді Д.Жандаева. Оның ішінде бланк сауалдарына жауап беріп қана қоймай, оны өз бетінше толтыруға ниет білдіргендері де болған. Халық санағы нәтижесі бойынша еліміздің ұзақ жасаған қарттары жайында жеке мәліметтер қоры құрылмақ.
Соңғы жаңалықтар