«Жасыл аймақ» пен «сары аймақта» орналасқан өңірлерде қоғамдық көлік қай уақытта жүреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ведомствоаралық комиссия «жасыл аймақ» пен «сары аймақта» орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жұмысына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жасыл аймақ» пен «сары аймақта» орналасқан өңірлерде қоғамдық көлік қай уақытта жүреді

«Қоғамдық көліктің жұмысын басқа қызмет түрлерімен үйлестіру. «Жасыл аймақта» орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жұмысы апта ішінде сағат 23:00-ге дейін ұзартылады. «Сары аймақта» орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жұмысы демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 23:00-ге дейін ұзартылады», делінген құжатта.

Еске сала кетсек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 16 қарашадағы COVID-19 таралуына қарсы іс-қимыл бойынша берген тапсырмалары шеңберінде нақты шаралар әзірленді.