«Жасыл» аймақтағы өңірлер саны артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысы «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасына сілтеме жасап.

20 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

Соңғы жаңалықтар