Жасыл белдеуде қырғауыл саны қалай көбеюде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана орманы мекемесі құрылғалы сегіз мыңнан астам қырғауылды жасыл белдеу орманына жіберген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы">медиа орталығы .

Жасыл белдеуде қырғауыл саны қалай көбеюде

Астана орманы мекемесі Астана жасыл белдеуін аң мен құсқа қолайлы ету үшін біраз жұмыстар атқарып жатыр. Соның бірі - Астана орманына қарасты қырғауыл фермасы. 
null 

Ең бірінші Астана қаласының жасыл белдеуінде аңшылық қырғауылды жасанды өсіру  және жерсіндіру бойынша биологиялық негіздеме алынған. Қырғауылдар аязға төзімді (түнде қарға оранып алады), олар күтімді аса қажет етпейді. Тек қана қысқы уақытта қосымша тамақтандыру қажет.
null 

Табиғатқа жіберілген қырғауылдар қорегі өсімдік тағамдарынан - тұқымдар, жемістер, тамыр сабақтарынан және өсімдіктердің жасыл бөліктерінен тұрады, алайда мүмкіндік болса олар жануарлар азықтарымен, жәндіктермен және олардың балаңқұрттарымен, өрмекшілермен, құрттармен, ұлулармен қоректенеді. 
null 
null 

Астана орманы мекемесі 2010-2011 жылдары 125 қырғауыл сатып алып, оны көбейтумен айналысқан. Алты жыл ішінде инкубациялық жолмен жұмыртқадан 9883 бас қырғауыл шығарылып, оның 8483 басы жасыл белдеу орманына жіберілген.
null null 

Еркіндіктегі қырғауылдарға үнемі бақылау жүргізіледі. Қазіргі уақытта тор үйлерде 1340 қырғауыл бар. Келесі жылы орманға 1800 бас қырғауыл шығару жоспарлануда. 
null null 

Қырғауыл өсіру келесідей мәселелерді шешуге көмектеседі: зиянкес-жәндіктермен күрес (зиянкестерден қорғаныс биологиялық тәсілі), жасанды жасыл белдеу алқабын табиғи орман, жабайы табиғат жағдайы талаптарына барынша жақындату. Үшінші, Қазақстанда қырғауылдардың мекендеу ареалын кеңейту.
null null 

Жұмысшылар қырғауылдарға күніне екі мезгіл жем шашады. Бұл қырғауылдар биылғы балапандар. Жазда орманға жіберуге дайындап жатыр. 
null 

Қырғауыл фермасында түрлі тұқымды қырғауылдар бар. Астана орманы қызметкерлері оларды шағылыстыру арқылы Сарыарқа ауа райына төзімді жаңа қырғауыл тұқымын шығармақ. 

null null