«Жасыл ел» елордада қаланы абаттандыруға арналған кезекті акциясын өткізді

АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Жасыл ел» жастар жасағы мен студенттік құрылыс жасағы  қалалық ішкі саясат басқармасының қолдауымен кіреберістерді, аулалар мен аумақты абаттандыруға бағытталған «Таза аула, таза кіреберіс» акциясын өткізді.

«Жасыл ел» елордада қаланы абаттандыруға арналған кезекті акциясын өткізді

Акция мақсаты қоғам назарын аулалардың, кіреберістердің тазалығы мен санитарлық жай-күйіне, сонымен қатар халықты абаттандыру жұмыстарына тарту болып табылады. Шара барысында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және қала колледждерінің студенттері Янушкевич көшесі бойындағы №5  үйдің кіреберісін тазалап, балалар алаңдарын ретке келтірді.

Мұндай шараларды «Жасыл елдіктер»   жергілікті әкімшілік органдармен бірлесіп еліміздің барлық қалаларындаөткізеді.