«Жасыл ел» студенттік және еңбек жасақтарының бесінші еңбек маусымы басталды ? Атырау
АТЫРАУ. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырауда «Жасыл ел» студенттік және еңбек жасақтарының бесінші еңбек маусымының салтанатты ашылуы болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Салтанатқа Қазақстанның барлық облыстарынан келген өкілдер қатысты.Биылғы жылы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарында 20 мыңнан астам адам еңбек ететін болады. Олар қалалар мен ауылдарды абаттандырумен, ағаш өскіндерін отырғызумен және оларды күтіп-баптаумен айналысады, арықтар мен арналарды тазартады, ормандарды тәртіпке келтіреді. Студенттік еңбек жасақтарына 30 мыңнан астам адам тартылмақшы.Жасы 16-ға толған кез келген ниет білдірушілер жастар немесе студенттік жасақтарының жауынгері бола алады. Олардың орташа жалақысы биылғы жылы айына 36 мың теңгені құрайды.