Жасыл энериямен жүзетін катер Париж портынан жолға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдегі алғашқы жасыл энергиямен жүзетін Energy Observer катері 15 шілдеде Париж портынан саяхатқа аттанды, ол жерді айналып шықпақ, деп хабарлайды Associated Press .
None
None

Катердің сапары 14 сәуірде Бретанидағы Сент-Мало портында басталған еді. Кемені шкиперлер Фредерик Даирель, Викториен Эруссарлар басқарады, сондай-ақ команда құрамында - сүңгуір Жером Делафосс бар. Олар қарапайым катерден Energy Observer-ді жасады, қайта жабдықтауға бір жыл ішінде $5,25 млн жұмсады.

Алғашқы аялдама - Парижге катер 5 маусымда жетті. Ал ол саяхаттау кезінде 50 елдің 100 порт, қалаларына аялдайды.

Күндіз борт жүйелеріне, 30,5 метрлік катердің электр қозғалтқышына қуатты күн панелі мен жел генераторы береді, сондай-ақ олар аккумулятор батареяларын қуаттайды. Түнде Energy Observer отындық сутегі элементтерін пайдаланады. Олар теңіз суын элоктролиз көмегімен сутегі отынына айналдырады. Сапар барысында жиналған мәліметтер сутегі отындық бөлшектерді жетілдіруге пайдаланылады.

Фото: Associated Press

Соңғы жаңалықтар