«Жасыл көпір» бағдарламасын іске асыруға жаңартылатын энергия көздерін тұтыну жобалары, «таза өнім" өндірістері жұмылдырылатын болады

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Жасыл технологияларға және инвестицияларға қолжетімділікті кеңейтуге  жағдай жасау және инфрақұрылымдар тұрғызу жобалары «Жасыл көпір» бағдарламасының  негізгі құралдары болып табылады,

«Жасыл көпір» бағдарламасын іске асыруға жаңартылатын энергия көздерін тұтыну  жобалары, «таза өнім" өндірістері жұмылдырылатын болады

 деді  «Жасыл көпір» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының  жетекшісі Болат Ессекин Pm.kz сайтына берген сұхбатында. 

«Жасыл көпір» бағдарламасын іске асыруға жаңартылатын энергия көздерін тұтыну  жобалары, «таза өнім" өндірістері жұмылдырылмақ.

«Еуропадан айырмашылық сол, Қазақстанда  жер ресурстарының 90% химикаттармен және пестицидтермен уланбаған, сондықтан да халықаралық нарықтарда үлкен сұранысқа және жоғары бағаға ие «таза»  азық-түлік өнімдерін өсірудің мүмкіндігі зор. «Жасыл көпір» сияқты жобалардың көмегімен  дихандарға өнімдер өсіруге, соның арқасында  мол табыс тауып, қосымша жаңа технологиялар сатып алуға көмектесу керек», - деді Қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі Б.Ессекин.

Ол сондай-ақ, «балабақшалар мен ауруханаларды, мектептер мен тұрғын үйлердің құрылыстарын экологиялық таза материалдар мен технологиялардың негізінде жүргізуге болатынын, бұл материалдардың қазір бізде қолданып отырған материалдардан экологиялық тұрғыдан әлдеқайда таза екенін» айтып өтті.

Жаңартылатын энергия көздерінің де әлеуеті зор екенін айтып өткен «Жасыл көпір» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының  жетекшісі, қоршаған ортаны ластамай және табиғи ресурстарды бұзбай арзан энергия қуатын өндірудің бірден-бір жолы осы екенін айтты.