21:16, 04 Шілде 2013 | GMT +5
«Жасыл төбе» заставасының шекарашылары мемлекет шекарасынан қару алып өтпек болған екі заң бұзушыны ұстады
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - «Оңтүстік» аймақтық басқармасы Қордай шекара жасағының «Жасыл төбе» заставасының шекарашы жауынгерлері мемлекет шекарасынан қару алып өтпек болған екі заң бұзушыны ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінен хабарлады.
ҚР екі азаматы «Исудзу» автокөлігімен Қырғызстаннан келе жатқан. Шекарашы жауынгерлердің қырағылығының арқасында заң бұзушылардан белгіленген тәртіпте бөлшектелген «Калашников-74» автоматы мен Макаров пистолеті тәркіленді. Сонымен бірге, қарулардың нөмірлері өшірілген. Салмағы 1200 килограмм қаруды олар балаларға арналған киімге жасырмақ болған. Алып өтпек болған жүктің құжаттары да болмай шықты. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекаралық қызметінің әскери қызметкерлері күн сайын жасырын тауар алып өту әрекетінің жолын кесетінін және бұзушыларды ұстайтынын атап айту керек.