«Жасылелдіктер» Шығыс Қазақстан облысында ұйымдастырылған «Жасыл десант» экспедициясынан оралды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тамыздың 12сі мен 20-сы аралығында «Жасыл ел» жасағының әр облыстардан келген жалпы саны 25-ке тарта сарбазы Шығыс Қазақстан облысының Уба өзені бойымен жүріп өткен.
«Сарбаздар Қарақожа ауылынан Жоғарғы Уба ауылына дейінгі 85 шақырым жолды екі күнінде жаяу жүріп, жолай туристердің демалыс ошақтарындағы аумақты қоқыстардан тазартты. Сапардың қалған төрт күнінде кайықтармен Уба өзені бойымен жүзіп өтті», дейді Е. Салиходжаев.
Оның айтуынша, бастапқыда сапардың идеясы - «жасылелдіктерді» біріктіріп, өңірлердегі жастардың басын қосу болған. Сол арқылы жасақтың республикалық деңгейдегі бірлігін көрсету үшін жасалған.
«Алайда сапардың дайындығын қамдау барысында көптеген ұсыныстар мен идеялар пайда болды. Нәтижесінде экологиялық десантты ұйымдастыру туралы бастама қатты ұнады», дейді ол.
Экспедиция кезінде жасақ сарбаздары сол өңірдің су, топырақ үлгілерін алып, ағаштары мен өсімдік әлемін зерттеген. Сонымен қатар жалпы экологиялық ахуалға сараптама жасаған. Республикалық штаб жетекшісінің айтуынша, «Жасыл ел» болашақта жастарға арналған еңбек жасағы ретінде ғана емес, өзін экологиялық ұйым ретіндегі ұстанымдарын көрсететін болады».
«Жолсапарымыздың барысында біз жағымсыз жағдайларды да көрдік. Ірі қазақстандық кәсіпорын өзінің өндірістік қалдықтарын Уба өзеніне тастайтындығын байқадық. Ол жерде біз ешқандай тазарту жүйесін көре алмадық, қалдықтар арық арқылы өзенге құйылып жатыр», дейді Е. Салиходжаев.
«Жасыл ел» республикалық штабы «Жасыл десант» сапарын тұрақты түрде өткізіп отыруды жоспарлауда.