Жасырын жұмыс істеп келген 386 ойынхана анықталды
Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында «Қылмыстардың алдын алу және құқық бұзушылықтар профилактикасы: қазіргі жай-күйі және жетілдіру перспективалары» тақырыбына арналған конференция барысында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті.
«Соңғы уақытта еліміздегі заңсыз ойын бизнесінің жолын кесу жөніндегі жұмыстар жандана түсті. Мәселен, ағымдағы жыл басынан бері біз заңсыз, жасырын түрде жұмыс істеп келген 386 ойын мекемелерін анықтадық. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 есеге артық көрсеткіш», - дейді М.Ахметжанов. Оның айтуынша, Қаржы полициясы қылмыспен күресте тиімді шаралар жоспарын әзірлеуге кіріскен. «Өйткені, статистикалық мәліметтердің нақтылығы қабылданатын шаралардың баламалығына тікелей әсер етеді», деді төраға орынбасары.