«Жатақхана жоқ болса, көңіл қайдан тоқ болсын» - баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 21 шілде, сейсенбi күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мақалаларға шолуды ұсынады.
None
None

***

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Экомед» адам ұрпағын өрбіту орталығының ғылыми директоры, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарованың «Мәселенің мәселесі» атты мақаласы беріліп отыр. Автордың жазуынша, бедеулікпен емделуге келетін әйелдердің басым көпшілігі, 75-80 пайыздайы бұрын бір немесе бірнеше рет жасанды түсік жасағандар деп айтуға болады. Біреулері білместікпен, енді біреулері өз өміріне жеңіл қарап, сауаттылығы жетпегендіктен немесе жағдайын түзеп алған соң ұрпақты боламын дегендер. Кейін өкінетінін білмей ойланбағандар. «Қазіргі кезде әлеуметтік бедеулік деген түсінік те пайда болды. Жас кезімізде оқып алайық, әлеуметтік жағдайды түзеп алайық деп жүріп, өзінің биологиялық тұрғыдағы жан екенін ұмытқандар, отбасы болуды, ата-ана болуды кейінге шегерген жастар жиі кездесуде», - дейді маман.

Сондай-ақ осы басылымда белгілі жазушы Төлеген Қажыбайдың «Жатақхана жоқ болса, көңіл қайдан тоқ болсын» деген тақырыппен проблемалық мақала басылды. Онда Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжіне 60 жыл толғандығы, ал жергілікті биліктің мәдениет колледжіне жатақхана саламыз дегендеріне 26 жыл өткендігі туралы жазылады. Автордың айтуынша, колледжге ең алдымен, өнер­паздарды оқытып, тәрбиелеуге аса қажетті студия керек. Аядай ғана акт залы бүгінгі күн талабына мүлдем жауап бермейді. Кітапханаға бөлінген бөлмелер де тым тар әрі қораш. «Енді осынау олқылыққа оқу корпусының жоғарғы қабатының жатақханаға бөлінгендігін айтсақ колледж тірлігінің аса ауыр халде екендігін сезінбеу мүмкін емес. Айналымға келмес тарлықтың зардабын тартудай-ақ тартып келе жатқан колледжге бүгінгі таңда жатақхана ауадай қажет», - дейді автор.

Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратауды бөктерлеп отырған елді мекендердің ішінде Диқанкөл ауылының қымызының даңқы артып тұр, деп жазады аталмыш басылым. облыстық кәсіпкерлік, индус­триялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Бауыр­жан Омарбековтың айтуынша, онда саумалмен емдеу бағдарламасы қа­былданған, мұндай іспен айна­лы­са­тындарға қаржылай жеңілдіктер бар. Оң­

жақында Түл­кібас ауданының Ке­мер­­бастау ауылында «Таң нұры» ЖШС­ деп аталатын саумалмен ­емдеу орта­лығы ашылды. Бұл орталық жүздеген адамды бір мезетте қабылдай алады. Сонымен қатар, таза табиғи өнімдер ұсынатын, туризмді дамытуға ден қойған серіктестік жиырмадан астам адамға жұмыс орнын тауып беріп отыр. Мұнда келген жұрт саумал ішіп, таза ауада атқа мініп серуендей алады. Мақала « Саумал » деген тақырыппен берілген.

***

«Айқын» газетінің бүгінгі санында Әді­лет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті директорының орынбасары Саида Сағдат сұхбат беріп, Елбасы жариялаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары - Қазақстанның жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауабы және жаңа тарихи жағдайларда дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу жоспары туралы ойларымен бөлісті. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-қадамы Қазақстанда жекеменшік сот орындаушылары институтын одан әрі дамытуды, сондай-ақ сот орындау­шы­ларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқартуды мақсат тұтады. Біздің депар­таменттің құзырында лицензиялық ба­қылау, саладағы мемлекеттік саясатты анықтау, жүйені жетілдіру бойынша ұсы­ныстар енгізу секілді негізгі жұмыстар қалады. Қазақстанда жеке орындаушылар институты 2010 жылдан бастап енгізілді. Яғни бұл институт биыл 5 жылдық ме­рейтойын атап өтеді. Ал Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында жеке орындаушылар институтын ары қарай өркендетуге бағытталған шаралар қолға алынуда», - дейді ол.

Ұлттық банк 2014 жылдың басында таңдап алған қаржы-несиелік саясаттың тұрақтылығын көрсете отырып, бірінші жартыжылдыққа қорытынды жасады. Бұл - бағаны тұрақты ұстау және инфляциялық процесті баяулату. Ұлттық банктің ұзақ мерзімдік саясаты тиімді пайыздық арнамен және икемді валюталық бағаммен инфляциялық таргеттендіру (бұл валютаға деген сұранысты реттеуге мүмкіндік жасайды) деп аталатын режимге кезеңмен өтуге бағытталған, деп жазады осы басылым « Тұрақтылық және нақты болжа у» атты мақаласында.

Басылымның атап өтуінше, Ұлттық банк бұл саясаттың жатық және жүйелі жүргізілуін ерекше атап көр­сетуіндегі мақсаты - күрт секірісті және алыпсатарлардың теңге бағамымен ойынын болдырмау. Өйткені теңгенің тұрақты бағамы әлеуметтік-саяси тұрақ­тылықтың ғана емес, сондай-ақ эко­номикаға инвесторларды тартудың маңызды факторы. Мақсат - макро­экономиялық пара­метрлердің болжамнан тыс ешқандай өзгеруіне жол бермеу, ал негізгі принцип - таргеттеу, басқаша айтқанда болашаққа нақты мақсатты бағдар қою. Инфляциялық таргеттеу саясатының бірінші кезеңі 2014 жылы ақпанда теңге бағамына түзету енгізу. Сол кезде пайда болған тиімді айырбастың номиналдық және нақты бағамы ара­сындағы дисбаланстан арылу, бағамдық дәлізді кеңейту, сондай-ақ банктерге ұзақ мерзімдік өтімділік мүмкіндігін беру керек болды. Келесі кезеңде икемді айырбас бағамын қалыптастыратын валюта дәлізінің жоғарғы мөлшерін көтеру керек еді. Алайда мұндай саясатты жүргізуге мұнай бағасының төмендеуі, сондай-ақ ресейлік рубльдің девальвациясы сияқты сыртқа қолайсыз факторлар кедергі жасады. Сыртқы қолайсыздықтарды есепке ала отырып, Ұлттық банк теңгенің тұрақтылығын сақтау үшін бірқатар құралдарды пайдаланды. Мысалы, ол бірінші рет банктерге қысқамерзімді өтімділікті және банкаралық нарықтағы мөл­шерлемені реттеуді ұсынды. Осылайша, валюта нарығында айырбас бағамын тұрақты ұстауға және инфляция деңгейін төмендетуге бағытталған валюталық интервенция әрі қарай жалғасты.

«Экспресс-К» газетінің жазуынша, кеше Павлодарда екі педофил сотталды. Олардың біреуі өз қызын жылдар бойы зорлап келген әке мен екіншісі оның сыбайласы. Бұл хайуандар қатаң режимді колонияға көп уақытқа кетеді, деп жазады басылым. Бұл жантүршігерлік істі қарау жабық түрде өткізілді. 39 жастағы Екібастұз тұрғыны өзінің 13 жасар қызын аяусыз зорлап, видеосын интернетке салып отырған. Осыдан кейін ол өз қызын сатуға кіріскен. Оқушы қызды тағы бір Екібастұз тұрғыны Андрей Язвенко да зорлаған. Хайуан әке 24 жылға, Язвенко - 15 жылға сотталды. Мақала « Порно-двигательный аппарат» деген тақырыппен берілген.

Соңғы жаңалықтар