Жатақханада қалған студенттер азық-түлікпен қамтамасыз етілді - БҒМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық жоғары оқу орындарының әкімшіліктері студенттерді азық-түлікпен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Жатақханада қалған студенттер азық-түлікпен қамтамасыз етілді - БҒМ

Айта кетейік, қазіргі уақытта студенттер қысқы демалыста.

Жалпы, бүкіл ел бойынша жоғары оқу орындарының жатақханаларында қалған студенттер саны көп емес. Атап айтқанда, онда студенттердің жалпы санының 4%-ы немесе 6 мыңға жуық студент қалған. Негізінен, олар – шетелдіктер және шалғай аймақтардан келген студенттер.

Осы күндері ЖОО-лар басшылығы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді шараларды жүзеге асырды. Сондай-ақ, жатақханада қалған студенттер төтенше жағдай кезінде азық-түлік және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілуі үшін жатақханаға азық-түлік пен тауарлар және бірінші кезекте қажетті заттар жеткізілді.

Қазір жоо-лар басшылығы бірнеше күнге азық-түлік резервін қалыптастырды. Жедел желі телефондары жұмыс істейді.

8-7172-74-16-24

8-7172-74-20-67

8-7172-74-23-52