Жатақханадағы көршісін пышақтап өлтірген астаналық студент сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астанада екі студент арасында университет жатақханасының санитарлық бөлмесін тазартуға қатысты келіспеушілік туындап, оның соңы өліммен аяқталды. Алматы аудандық сотында аталмыш  іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жатақханадағы көршісін пышақтап өлтірген астаналық студент сотталды

Анықталғандай, оқиға 2016 жылдың 19 мамыры күні болған. Студенттер өздері тұратын жатақханадағы әжетхананы тазартуға қатысты келіспей қалған.

«Азамат А. қасақана пиғылмен К.-ның денсаулығына зиян келтіру мақсатта асүй пышағымен оған бірнеше рет пышақ сұққан. Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының үкімімен азамат А. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 4 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», -  деп хабарланды соттан.