Жаттығудағы жаңа тактика нәтижесін берді — Назарбай Саттархан

НАГОЯ.KAZINFORM — Семсерлесуден Қазақстан құрамасы мүшесі Назарбай Саттархан сапы бағдарламасы бойынша командалық жарысты қортындылады.

Жаттығудағы жаңа тактика нәтижесін берді — Назарбай Саттархан
Фото: ҚР ҰОК

Спортшы Kazinform тілшісіне Азия ойындарына дайындық барысы және басты қарсыластар туралы пікір білдірді.

— Біз жеребеден барлығы оңай болмайтынын түсіндік, себебі Қытай құрамасымен бір сеткаға түстік. Алғашқы жекпе-жек Сауд Арабиясымен болды. Бірінші айқас әр қашан қыйындау болады. Себебі, атмосфераны сезіну, ортаға бой ұйрету керек. Осыдан кейін Қытай құрамасымен кездестік. Сол себепті жарыс өте шиленісті өтті. Біз өте жақсы формада келіп, командалық рухтың арқасында мықты қарсыласты бағындырдық. Жарыс қожайындары жапондық спортшыларға басында есепті көп алдыға жіберіп алдық. Бапкер деркезінде тактикалық өзгеріс жасап, біз есепті қуып жетуге тырыстық. Бірақ, келесі жолы Жапон құрамасын жеңеміз деп ойлаймын. Себебі, олармен қалай айқасу керек екенін түсіндік, — деді ол.

Қазақстандық семсерлесуші команданың дайындық деңгейі туралы айтты.

— Құрама команда Париж қаласында жаңа француз бапкермен дайындалып жатыр. Сол себепті жаңа тактика, жаңа стил қолданып жатырмыз, және ол өз нәтижесін көрсетіп жатыр. Осыған дейін Қытай құрамасына көп жол беретін едік, бүгін біз оларды қапы қалдырдық. Алдағы уақытта жалғасты кешенді жұмыстар атқарамыз, — деді ол.

Назарбай Саттархан Қазақстан құрамасының шпага бойынша Әлем чемпионы екенін еске салып, еліміздегі семсерлесу спортының дамуын тілге тиек етті.

— Қазақстанда бұл спорттык даму өте қарқынды. Осыдан бес-алты жылмен салыстырғанда обылыстарда және ұлкен қалаларда көп ұйірмелер ашылып, жастар мен балалар көптеп қатысып жатыр. Бір Алматы қаласының өзінде алты-жеті семсерлесу залы бар. Сол себепті, елімізде бұл спорттың даму болашағы зор, — деді спортшы.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында сабля бағдарламасы бойынша қола жүлде еншіледі.

Сонымен қатар, Артем Саркисян саблядан жекелей сында қола медаль қанжығалады.