Жаттығу кезінде ұшқыш тікұшақтан құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгияның Льеж провинциясындағы (елдің шығысында) оқу-жаттығу шаралары кезінде ұшқыш тікұшақтан құлап кетті. Бұл туралы ТАСС Belga агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаттығу кезінде ұшқыш тікұшақтан құлап кетті

Агенттік таратқан мәліметтер бойынша, оқиға Аме комуннасында парашют құрылғыларын таныстыру рәсімі барысында 40-шы инженерлік батальонда болған.

Осы оқиғаға қатысты таратылған ақпараттарда ұшқыштың Agusta A-109 тікұшағынан бірнеше жүздеген метр биіктіктен құлағандығы айтылады. Жаттығу кезінде ол парашют тақпаған. Бортта болған екінші ұшқыш тікұшақты сәтті қондырды.