Жауапты хатшылардың мәртебесін көтеру керек - Сенаттағы талқылау
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жауапты хатшының негізгі міндеттері министрліктің әкімшілік, қаржылық, аппарат жұмысын қадағалау және атқару»,-деді Ж. Айтжанова.
Оның сөзіне қарағанда, шетелдегі құрылымда жауапты хатшы министрден кейінгі екінші адам. Министр жоқ болған кездерде келіссөздер жауапты хатшымен жүргізіледі. «Онда министрлердің барлығы саяси адамдар. Олар партиямен келіп, партиямен кетеді. Ал жауапты хатшыдан бастап қалғандары аппараттың адамдары. Олар министрліктің саласын білетін қызметкерлер. Атап айтқанда ведомствода жауапты хатшыдан бастап саланы меңгерген адамдар бекітіледі»,-деді министр.
«Мәселен, мен біздің ведомствоға министр ретінде келдім. Министрліктің барлық аппараты сол күйінде сақталып қалды. Тек қана бұрынғы сауда министрлігінен 2 дапартамент мен 1 комитет қосылды»,-деді Ж. Айтжанова.
Ведомство басшысының пікірінше, жауапты хатшының деңгейін көтеру керек. Олар тек аппараттың жұмысын ғана емес, сонымен бірге сол саланың жұмысын жүргізуі тиіс. Яғни, министрлер саяси қызметкерлер болғандықтан, жауапты хатшылар тиісті шараларды артқаруы тиіс. «Дегенмен де еліміздің министрлері өздерінің саласын жақсы меңгерген адамдар. Сондықтан бұны біздің жүйенің басымдығы деп санаймын»,-деп атап өтті Ж. Айтжанова.
Айта кетейік, бүгінде еліміз министрліктерінің әрқайсысында жауапты хатшы бекітілген.